ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ ЖУРНАЛЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ

  • Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

    Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл — өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. Ұстаз — ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес…

  • 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

    1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл мереке – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің айқын көрінісі. Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты болсын!Білім мен мәдениетті дәріптейтін елімізде әрқашан парасат пен сыйластық салтанат құрсын. Қазақстан – ортақ үйіміз, ортақ үніміз!

  • «Қазақстан мектебі» журналының тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі

    Республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналының еліміздің ақпарат кеңістігінде, білім саласында алатын өзіндік бірқатар орны бар. Шыға бастағанына енді бірер жылда жүз жыл толатын бұл басылымның алғашқы нөмірі «Жаңа мектеп» деген атпен 1925 жылы тамыз айында Қызылорда қаласында тұсауы кесілсе, содан бергі мерзімде ол ел өмірінің тыныс-тіршілігінің айнасы болып жалғасын тауып келеді. Басылымның атауы сонау жылдардан…

Тіркелу