Пресс — релиздер

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді. Биылғы жылы Конкурс 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы базасында өткізілді.

Конкурс Қазақстанда 20-шы рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылғы республикалық ғылыми жобалар конкурсының басты ерекшелігі – оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн-режимде өтті, бейне-көрсетілімдерге сілтемелер ҚР БҒМ және «Дарын» РҒПО-ның әлеуметтік желілердегі аккаунттарында ұсынылды. Конкурстың 18 секциясының 19 виртуалды бөлмесі 131 891 рет қаралды. Іс жүзінде кез келген адам әр секцияның жұмысына виртуалды қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Конкурстың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық аймақтарынан ең үздік 625 жоба ұсынған 811 дарынды оқушылар іріктелді. Алматы қаласында 773 жас зерттеуші 601 ғылыми жобаларымен бақ сынасты, қалғандары дәлелді себептермен Конкурса қатыса алмады.

Конкурстың қазылар алқасының шешімімен ҚР БҒМ I дәрежелі дипломдары және алтын медальдармен 60 жеңімпаз (49 жоба), ІІ дәрежелі дипломдары және күміс медальдармен 103 жүлдегер (79 жоба), ІІІ дәрежелі дипломдары және қола медальдармен 176 жүлдегер (130 жоба) марапатталды.

Ұйымдастыру комитеті отырысының хаттамасына сәйкес Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін https://daryn.kz/olympiads/view/4/2904 cілтемесі арқылы көруге болады.

Конкурстың Үздік команда атағы және гран-при иегері Назарбаев Зиятеркерлер мектептерінің командасына берілді. Сондай ақ, командалық бірінші орынды Алматы қаласы, екінші орынды Павлодар облысы иеленді, үшінші орынды Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бөлісті.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қатарынан еліміздің құрама командасы 12-17 мамыр аралығында Феникс қаласында (Аризона штаты) өткізілетін жыл сайынғы Intel ISEF-2019 оқушылардың халықаралық ғылыми жобалар конкурсына өз жұмыстарын ұсынады.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдері» тақырыбындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан — 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

Аталған зияткерлік сайыстар оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында шығармашылық қызметке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қамқорлығымен өткізіледі. Конкурстың қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Британ Техникалық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және т.б. жетекші отандық жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтары кіреді.

Қосымша ақпарат:
Астана қаласы, Республика к., 34а, «Дарын» РҒПО, тел. 8 (7172) 29 52 32, 29-50-76;
Алматы қаласы, Достық к., 124 «Дарын» РҒПО-ның филиалы, тел. 8 (7272) 62-78-62.

ИНФОРМАЦИЯ ОБ ИТОГАХ ПРОВЕДЕНИЯ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА НАУЧНЫХ ПРОЕКТОВ ПО ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМ ПРЕДМЕТАМ

Республиканский научно-практический центр «Дарын» Министерства образования и науки Республики Казахстан ежегодно проводит республиканский конкурс научных проектов (далее – Конкурс) по общеобразовательным предметам. В нынешнем году Конкурс проведен с 13 по 16 февраля в городе Алматы на базе Национального научно-практического образовательного и оздоровительного центра «Бобек».

Впервые за 20 лет организации Конкурса в Казахстане для обеспечения прозрачности защита проектов школьников транслировалась в онлайн-режиме, ссылки на видеотрансляцию были предоставлены на аккаунтах МОН РК и РНПЦ «Дарын» в социальных сетях. 131 891 просмотров 19 виртуальных комнат 18 секций Конкурса. Практически любой желающий смог виртуально присутствовать на работе каждой из секций.

На заключительный этап Конкурса были допущены 625 работ, созданные 811 школьниками. Приняло участие 601 научный проект, над которыми работали 773 юных исследователей, остальные по уважительным причинам не смогли принять участие в Конкурсе.

Решением жюри Конкурса победители и призеры награждены дипломами МОН РК I степени и золотыми медалями 60 участников (49 проектов), II степени и серебряными медалями — 103 участника (79 проектов), дипломами III степени и бронзовыми медалями — 176 участников (130 проектов).

Список победителей и призеров Конкурса 2019 года согласно Протокола заседания организационного комитета можно увидеть по ссылке https://daryn.kz/olympiads/view/4/2904.

Лучшей командой и обладателем гран-при стала команда Назарбаев Интеллектуальных школ. Первого места удостоена команда г.Алматы, второго – Павлодарской области, третье место разделили команды Жамбылской и Восточно-Казахстанской областей.

По итогам Конкурса будет сформирована сборная команда Казахстана и работы будут представлять страну на ежегодном Международном конкурсе научных проектов школьников Intel ISEF-2019, которыйбудет проведен в г.Феникс (штат Аризона) в период с 12 по 17 мая т.г.

Данные интеллектуальные соревнования проходят под патронажем Национальной Академии наук Республики Казахстан в целях развития интереса у школьников к основам наук, привлечения учащихся старших классов к творческой деятельности в различных областях науки и техники. В состав жюри Конкурса входят ученые-педагоги ведущих отечественных вузов: Казахского национального университета имени аль-Фараби, Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева, Казахстанско-Британского технического университета, Казахского национального технического университета имени К. И. Сатпаева и др.

Республиканский конкурс научных проектов – это конкурс научных исследований школьников на тему «Модели экономического и социально-культурного развития республики в свете стратегии «Казахстан – 2050». Конкурс проводится по четырем направлениям: «Научно-технический прогресс – как ключевое звено экономического роста», «Математическое моделирование экономических и социальных процессов», «Здоровая природная среда – основа реализации стратегии «Казахстан–2050» и «Исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты».

Дополнительная информация:
г. Астана, ул. Республики, 34а, РНПЦ «Дарын»,тел: 8 (7172) 29-52-32,29-50-76;
г.Алматы, ул. Достык, 124, филиал РНПЦ «Дарын», тел:8 (7272) 62-78-62

Пресс-анонс Робототехника бойынша жоғары оқу орындары арасында республикалық чемпионаты «IITU Robocon 2019»

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Жастар жылын қолдау үшін 15 ақпан күні Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 10-жылдық мерейтойына арналған студенттер арасында робототехникадан «IITU Robocon 2019» бірінші республикалық чемпионаты өтеді! Қазақстанның үздік 15 студенттер командалары робототехника саласындағы чемпион атағына таласу үшін бір ойын алаңында жиналады.

Робототехникадан студенттер арасындағы чемпионат «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан жастарының стартап жобаларын одан әрі іске асыру және Қазақстанның инновациялық қызметіне белсенді қатысу үшін қазіргі заманғы техникалық білім алуы болып табылады.

«IITU Robocon 2019» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен және Halyk bank бас серіктестігімен өткізіледі.

Бас ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті -робототехника бойынша құзыреттілік орталығы, сондай-ақ ABU Robocon Азиялық-Тынық мұхиты Роботтар жарыстарының сегіз дүркін қатысушысы.

Бірлескен ұйымдастырушы: «ХАТУ » АҚ АКТ — зерттеулер және әзірлемелер институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бас серіктес: Halyk bank.

Редакторлардың назарына:
БАҚ ыңғайлылығы үшін Республика алаңынан Халық аренаға дейін автобус ұйымдастырылған.
Жиналу уақыты — Жұма, 8: 00
Қозғалу уақыты — Жұма, 8: 40

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Халық Арена» мұз айдыны.
Пресс-конференцияның басталу уақыты: 15 ақпан 9:30
Іс-шараның басталу уақыты: 10:00

БАҚ аккредитациялау үшін:
8-747-460-74-57 — Асем
assemnva@gmail.com

Все дети, обучающиеся в дошкольных организациях, учатся и получают знания до их приема в 1 класс

В связи с тем, что в некоторых регионах страны имеют место факты, когда воспитанников дошкольных организаций, которым исполнилось 6 лет в середине учебного года, отчисляют из данных организаций, МОН РК доводит до сведения казахстанцев объективную информацию.

Наравне с шестилетними детьми прием в 1 класс будет обеспечен и для детей семилетнего возраста, которые в настоящее время посещают предшкольные классы и группы в школах и детских садах. Таким образом, 1 сентября в 1 классы будут приниматься дети шести и семи лет. В соответствии с государственным общеобязательным стандартом дошкольного воспитания и обучения, дети 5 и 6 — летнего возраста воспитываются и обучаются в группах дошкольной организации или в предшкольных классах школ. Предшкольная подготовка является обязательной в соответствии со статьей 30 Закона РК «Об образовании».

Воспитанник дошкольной организации, не прерывая учебно-воспитательный процесс, должен освоить в полном объеме программу дошкольного воспитания и обучения и перейти в 1 класс общеобразовательной школы.

В соответствии с пунктом 16 государственного общеобязательного стандарта дошкольного воспитания и обучения, воспитанник дошкольной организации должен освоить объем знаний, умений, навыков и компетенций, соответствующие данному уровню образования. Воспитанник, зачисленный в дошкольную организацию, не должен быть отчислен из нее до приема в 1 класс.

Все дети должны получить в дошкольных организациях весь положенный объем знаний, чтобы по всей стране в 1 классы они пришли подготовленными и начали процесс обучения с равными стартовыми возможностями, независимо 6 им или 7 лет.

Пресс-служба МОН РК